Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ, Иран және делдалдар 45 күндік бітімді талқылап жатыр – БАҚ

АҚШ, Иран және делдалдар 45 күндік бітімді талқылап жатыр – БАҚ
Фото: BAQ.KZ

АҚШ, Иран және аймақтық делдалдар қақтығысты реттеудің алғашқы кезеңі ретінде 45 күндік атысты тоқтату режимін енгізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы kznews.kz Axios-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздердің мәліметінше, екі кезеңнен тұратын жоспар талқылануда. Бірінші кезеңде 45 күнге уақытша бітім жариялау ұсынылады. Осы уақыт ішінде тараптар түпкілікті бейбіт келісімнің шарттарын келісуі тиіс. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Екінші кезең толыққанды келісімге қол қоюды көздейді, ол қақтығысты толық аяқтауы тиіс.

Басылым дереккөзі хабарлағандай, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі соңғы күндері Иранға бірнеше ұсыныс жолдаған, алайда Иран тарапы әзірге олардың ешқайсысын қабылдамаған.

Дереккөздер жақын 48 сағат ішінде келісімге келу ықтималдығын төмен деп бағалап отыр.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Трамп Иранға АҚШ-пен келісім жасау үшін 48 сағат уақыт қалғанын, әйтпесе күшті шабуыл жасалатынын мәлімдеген.

Тегеран бұл талапты қабылдамай, АҚШ президентін «тозақтың түбіне жібереміз» деп уәде берген.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі