Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатты: тізімде Қазақстан да бар

АҚШ 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатты: тізімде Қазақстан да бар
Фото: belterz / Getty Images

АҚШ иммиграциялық визаларды беруді уақытша тоқтатқан елдер қатарына Қазақстан да енгізілді. Бұл тізімге барлығы 75 мемлекет кірген, деп хабарлайды kznews.kz NBC News дерегіне сүйеніп.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, шектеу Америка Құрама Штаттарына тұрақты қоныс аударуды жоспарлаған шетел азаматтарына арналған иммиграциялық визаларға ғана қатысты. Ал уақытша жұмыс істеуге, білім алуға немесе туристік мақсаттағы қысқа мерзімді визалар бұл шешімнен тыс қалған.

Трамп әкімшілігінің бұл шешімі 21 қаңтардан бастап күшіне енеді. Мемлекеттік департамент өкілдері визаларды беру АҚШ жаңа иммигранттардың америкалық салық төлеушілер есебінен материалдық пайда көрмейтініне көз жеткізілгенге дейін тоқтатылатынын атап өтті.

Аталған шектеу қолданылатын елдер қатарында Қазақстанмен бірге Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан да бар.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі