Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аққыз Ахметқызы | өмірбаяны

Аққыз Ахметқызы |  өмірбаяны

Күйші, әнші Аққыз Ахметқызы (шын аты Мүгілсін Ахметқызы) 1897 жылы Қарағанды облысының, Балқаш қаласына жақын Қоңырат өңірінің Есалы деген жерінде дүниеге келді.

Аққыз — Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырған. Жастайынан күйшілік өнерімен қатар, әншілікті де меңгерген.

Қ.Байжанов, М.Ержанов сынды өнер саңлақтарының қасына еріп, ән салып Ә.Хасеновтен күйшілік шеберлігін шындаған. Тәттімбеттің “Қосбасар”, “Саржайлау”, “Сылқылдақ”, “Көкейтесті”, “Бестөре”, Тоқаның, Саймақтың күйлерін шебер орындаған. Аққыз өз жанынан да бірнеше күй шығарған. “Қайран елім”, “Аққыз”, “Жетім қыз”, “Қосбасар” сияқты күйлері — өзіндік нақышы бар шығармалары болып табылады.

Шәкірттері:

ҚазКСР-інің халық артисі М. Хамзин,

белгілі домбырашы Ә. Әбенова т. б.

Аққыз, 7 мамыр 1987 жылы туған жері Балқаш қаласының маңында дүниеден озды.

Автор
Санжар