Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президенттің әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әскери міндетті азаматтарды шақыру қағидаттары туралы:
Қажет болған жағдайда ғана шақыру.
Мемлекет күші жеткілікті жерлерге әскери міндетті адамдар шақырылмайды;
Өз еркімен баратын адамдарға басымдық беріледі;
Қабылдау кезінде жасы, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы сияқты барлық факторлар ескеріледі;
Жұмыс істеушілердің жалақысы сақталады. Жұмыссыз азаматтарға төлемдер болады.
Қызметте тәулік бойы болу қажет емес. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін үйіне қайтады;
Олардың барлығы медициналық бақылаудан өтеді және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
stan.kz