Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақорда ішкі және сыртқы саяси ойыншыларға белгі берді - сарапшы

Ақорда ішкі және сыртқы саяси ойыншыларға белгі берді - сарапшы
Фото: gov.kz

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Президенттің өкілеттік мерзіміне қатысты стратегиялық мәселе ақыры шешімін тапты деп есептейді , деп хабарлайды kznews.kz.

"Мәселенің тарихын еске салайын. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қараша айында өткен екінші конституциялық реформадан кейін бір реттік 7 жылдық мерзімге Президент болып сайланды. Кейін қолданыстағы Конституция нормаларына байланысты қайшылық туындады. Өйткені оған сәйкес келесі президенттік сайлау 2028 жылдың желтоқсанында өтуі тиіс еді, яғни мерзім шамамен бір жылға ертерек аяқталатындай көрінді. Жаңа Конституцияда бұл тұжырымдар өзгертілді. Алайда осыған байланысты тағы бір мәселе туындады: саяси институттардың жаңартылуына байланысты өкілеттік мерзімін қайта есептеу қажет пе? Конституция мәтінінің өзінде бұл жөнінде нақты норма болмады", - дейді ол.

Айтуынша, дауыс беру күні өткен брифингте Тоқаев кезекті президенттік сайлау 2029 жылы өтетінін мәлімдеген.

"Соған қарамастан, мәселе толық шешілмеген күйінде қалды. Осыған байланысты Президент Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінді. Конституциялық Сот бүгін жаңа Конституцияның қабылдануы бұрынғы Конституцияда белгіленген нормалар мен сол негізде қабылданған шешімдердің қолданылу мерзімін автоматты түрде ұзартпайтынын түсіндірді. Ақорда осылайша соңғы бірнеше жыл бойы күн тәртібінде тұрған мәселені сәтті шешіп, сонымен қатар Конституциялық Сотқа жүгіну арқылы ішкі және сыртқы саяси ойыншыларға құқық үстемдігі мен елдің ұлттық мүдделеріне негізделген саяси қағидаттардың сақталатыны жөнінде айқын белгі берді. Осылайша, Президенттің бір реттік 7 жылдық өкілеттік мерзімі расталды және ол сайлау өткен күннен бастап есептелетін болады. Сонымен қатар, Конституция президенттік және парламенттік сайлауды бір мезгілде өткізуге тыйым салады. Осыған байланысты президенттік сайлау мәселесі күз мезгіліне ауысады", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Саясаттанушы бұл – қазіргі мемлекет басшысының сайлауға қатысуға құқығы, бірақ міндеті емес екенін айтады.

"Оның үстіне, Тоқаевтың өзі сайлаудың 2029 жылы өтетінін бұған дейін мәлімдеген болатын. Дегенмен, Президент те заңға бағынуға міндетті, ал Конституциялық Соттың шешімі елдің негізгі заңының нормаларын ресми түрде түсіндіреді.Президенттің жаңа өкілеттік мерзімінің перспективасы туралы мәселені тиісті мерзім жақындағанда қарастыруға болады. Қазіргі уақытта Конституциялық Соттың шешімі Конституциялық Соттың төрағасы мен судьяларын, Жоғарғы Соттың төрағасын, сондай-ақ Бас прокурорды қайта тағайындауға қатысты құқықтық шектеулерді жояды", - дейді ол.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі