Астанада жергілікті брендтердің алғашқы дизайн-фестивалі басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақмолада екі қыз әкесінің көз алдында көлікте қалып, суға батып кетті

Ақмолада екі қыз әкесінің көз алдында көлікте қалып, суға батып кетті
Фото: autonews.ru

Ақмола облысында 8 және 12 жастағы екі қыздың өмірін қиған қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 11 шілде күні отбасы Целиноград ауданына қарасты Қызылжар ауылы маңындағы жасанды су қоймасының жанында түнеп демалған. Таңертең суға шомылып шыққан әпкелі-сіңлілі қыздар киім ауыстыру үшін жағалауда тұрған автокөлікке отырған.

Сол сәтте көлік күтпеген жерден өздігінен қозғалып, еңіспен төмен сырғып, суға түсіп кеткен.

Қыздардың әкесі бірден көмекке ұмтылғанымен, көліктің есігін аша да, терезесін сындыра да алмаған. Салдарынан автокөлік қысқа уақыт ішінде су түбіне кеткен. Өкінішке қарай, екі қызды аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.