Ақмола облысы Қорғалжын ауданында жарылған бөгетті апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Қорғалжың ауданында "Шөптікөл" бөгеті жарылды. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Салдарды жоюға Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Жалпы саны шамамен 170 адам және 43 бірлік техника тартылған.
Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның сөзінше, ауылда су тасу қаупі жоқ.
Еске салсақ, Ақмола мен Қарағанды облыстарында қар еріп, тас жолдарды су басты.