KZNEWS.KZ
Қоғам

Ақмола облысында 14 жастағы оқушы қызды пышақтап өлтіріп кетті

• KZNEWS

Ақмола облысы Ынтымақ ауылының тұрғыны 14 жастағы оқушы қызды өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kznews.kz 

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бір тәулікке жетпей ұсталған.

– Қылмыс жасағаннан кейін ер адам жасырынуға тырысқан, алайда жедел іздеу шаралары нәтижесінде тез арада табылып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады.

Тергеудің барысы полиция департаментінің басшылығының ерекше бақылауында.

– Күдікті заң бойынша қатаң жазаланады. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық ешқандай ерекшеліксіз, барынша қатаң түрде тоқтатылады,  – делінген полиция таратқан хабарламада.

KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →