Reuters: Ормуз бұғазы қайта жабылуы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ақерке": Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

"Ақерке": Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді
ашық дереккөзден

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген жаңа әнінің жарыққа шығатынын хабарлап, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында домбыра үнімен басталатын қысқа видео жариялаған. Бейнежазбада Димаш сұқ саусағын ерніне қойып, тыңдарманын тыныштыққа шақырғандай ишара жасайды.

Әнші жазбасында жаңа туындының ерекше атмосфера мен жаңа энергия әкелетінін атап өтті. Сондай-ақ әннің әр елдің жергілікті уақыты бойынша 00:00-де барлық стримингтік платформаларда қолжетімді болатынын жеткізді.

Димаш жанкүйерлерін жаңа әнді бірге қарсы алуға шақырып, олардан қолдау білдіруді сұрады. Оның бұл жазбасы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, тыңдармандары жаңа туындыны асыға күтетінін жазды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер