Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақан Нұрманов | өмірбаяны

Ақан Нұрманов |  өмірбаяны

А. Нұрманов 1933 жылы 30 көкекте Талдықорған облысында туған. Ақанның ол жерде тууы, әкесі Шайдахметтің інісі Әбдіхамиттың әкесі үшін, байдың ұрпағы ретінде сотталуына байланысты. 1951 — 1952 жж. Қазақ тау-кен институтына оқыды. Ал 1957 жылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1957 — 1964жж. Қостанай облысы, Аманкелді аудандық «Социалистік шаруа», Қостанай облыстық «Коммунизм таңы», республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеттерінде қызмет істеген. 1964 — 1968 жж. «Жұлдыз» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Шығармалары: Арайлы таң. Повестер. А., «Жазушы», 1964; Аққу жұлдызы. Повестері., «Жазушы», 1965; Қүланның ажалы. Роман, повестер және әңгімелер. А., «Жазушы», 1969, 1976 және 1977 (орыс тілінде), 1985.

А. Нұрманов қысқа ғұмыры ішінде «Құланның ажалы» романын, «Солай болған екен», «Ор», «Аққу шоғыры» повестерін, «Күн ертеңге ауып барады», «Ымырт» – әңгімелері жинақтарын жазып шығарып, шебер жазушы екенін дәлелдеп кетті.

 

Автор
Санжар