Дональд Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел деп атады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Ақ жаулықты аналарымызды да жауапқа тартуды талап етемін» – Меруерт Түсіпбаева прокурорға үндеу жасады

«Ақ жаулықты аналарымызды да жауапқа тартуды талап етемін» – Меруерт Түсіпбаева прокурорға үндеу жасады
Фото: Ашық дереккөзі

Белгілі актриса Меруерт Түсіпбаева Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашу оқиғасына қатысты Бас прокуратураға үндеу жолдады. Ол күдіктінің туыс-туғандарының да әрекетіне құқықтық баға беруді талап етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Актрисаның айтуынша, мұндай жағдайларда «тек бір адамның» емес, оқиғаны қолдап, жөн-жосықсыз әрекеттерге жол беретін айналаның да жауапкершілігі қаралуы тиіс. Ол әсіресе үлкендердің «дәстүр» деген желеумен зорлыққа көз жұма қарауын қатаң сынға алды.

«Біздің ақ жаулықты аналарымыз, әжелеріміз, сіңлілеріміз ақ төсекті салып, зорлықпен сол жерге жатқызып, барлық іс біткеннен кейін ақ жайманы алып шығып, қанын көріп, өздері тойлап, жуып, қуанады. Бұның арты қылмыстық іске ұласып отыр. Бас прокурор Берік Асылов мырзаға үндеуім: сексен-тоқсанға келсе де, сол ақ жаулықты аналарымызды жауапқа тартуды талап етемін», – деді Меруерт Түсіпбаева.

Айта кетейік, осы оқиғаға қатысты жәбірленуші басынан өткен оқиғаны толық айтып берген еді.

Қазір кәмелетке толмаған қызды алып қашты деген күдікті ұсталған. Оған қатысты ҚК 125-1-бабы «Некеге мәжбүрлеу» бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер