KZNews.kz
Спорт

Ақ Олимпиада-2026: бүгін 7 отандасымыз бақ сынайды

Асқар Алтайұлы
Фото: GOV.KZ

8 ақпанда Милан-Кортина Олимпиадасында жеті отандасымыз екі спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Шаңғы жарысы (скиатлон) бәсекесінде отандастарымыз Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков бағын сынайды. Ал биатлоннан аралас эстафетаға Айша Рақышева, Владислав Киреев, Милана Гинеева, Әсет Дүйсенов қатысады.

Айта кетейік, 7 ақпан күні конькимен жүгіру жарысына қатысқан Надежда Морозова 3000 метр қашықтықты 4:01,20 нәтижесімен аяқтап, алтыншы орыннан көрінді.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →