11 ақпанда Милан-Кортина Олимпиадасында алты отандасымыз 3 спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдымен шаңғы қоссайысында Шыңғыс Рақпаров бақ сынайтын болады. Ол кіші трамплиннен секіріп, 10 шақырым шаңғы жарысына қатысады. Фристайл-могулден әйелдер арасындағы бәсекеге Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко қатысады.
Кешке биатлоннан әйелдер арасында жекелей жарыс өтеді. Оған Қазақстан атынан Айша Рақышева мен Милана Генеева қатысады.