Кардиолог Ирина Тарасова аптап ыстықта балмұздақ немесе мұздай су ішу қан тамырларын күрт тарылтып, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарда инфаркт қаупін арттыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Ridus.ru порталының жазуынша, "СМ-Клиника" кардиологы Ирина Тарасова суық тағам мен сусын қан тамырларының күрт тарылуына себеп болатынын жеткізді.
"Егер суық тағам немесе сусын ішкеннен кейін кеуде тұсыңыз ауыра бастаса, оны кездейсоқ жағдай деп қабылдамаңыз. Бұл кардиологқа қаралып, тиісті тексеруден өтуге жеткілікті маңызды себеп", – деп атап өтті дәрігер.
Тарасова суық тағам немесе сусын ішкеннен кейін кеуде тұсында ауырсыну пайда болса, оны елемей қоймай, міндетті түрде кардиологқа қаралып, тексеруден өтуге кеңес берді.
Сонымен қатар ол балмұздақтың өзі инфаркт тудырмайтынын, бірақ жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарда қауіп факторына айналуы мүмкін екенін атап өтті.