ка

Антикор агенттігі: Шымкентте шенеунік әйеліне көлік сатып алған

30.04.2025 15:58
0
367
Антикор агенттігі: Шымкентте шенеунік әйеліне көлік сатып алған
фото: e-osago.ru

Мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлықпен келген мүлікті туыстарының атына рәсімдеген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты cmn.kz порталына сілтеме жасап.

Баспасөз мәслихатында Биғайдаров ведомствоның атқарған жұмыстары жайлы баяндап, күдіктілердің ұрланған қаржыға алған дүние-мүлкін отбасына жаздырып отырғанын айтты.

«Шығыс Қазақстан облысында күдікті көлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген. Ал Шымкентте бір шенеунік ұрланған ақшаға жұбайына көлік сатып алып берген», – деді агенттік өкілі.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий