Әлеуметтік желіде 2026 жылдың қаңтар айында түнгі уақытта Ербол Нұрмұхамбетов қоғамдық орында дөрекі сөздер айтып, азаматтық жұбайы, танымал әнші Арапбаева Маржанды шашынан сүйреген деген ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.
Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Әдетте мұндай әрекет қылмыстық құқықбұзушылық ретінде қарастырылуы мүмкін болғанымен, сот бұл жағдайда әкімшілік шарамен шектелді.
Сонымен қатар тұрғын үй ауласында азаматтық жұбайына қатысты физикалық күш қолданғаны анықталып, қосымша арыз тіркелді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция кез келген агрессия мен физикалық күш қолдануды заңға сәйкес тоқтатуға шақырады.