KZNews.kz
Шоу-бизнес

Әнші AYREE екінші рет ана атанды

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші AYREE екінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды kznews.kz.

33 жастағы әнші қуанышты жаңалығын Instagram сторисінде жариялады.

«Аллаға шүкір! Қош келдің, қызым. Әкең екеуміз сені ұзақ күттік! Бақытты, ғұмырлы бол!», - деп жазған ол.

Айта кетейік, әншінің бірінші некесінен Әлімхан есімді ұлы бар. Бір сұхбатында бірінші жарымен бір жылға жетпей ажырасып кеткенін айтқан болатын.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары