Өнер иесі бұл күнге туыстары мен жақындарын, сонымен қатар әріптестері мен достарын шақырып, арнайы той ұйымдастырып, сәбидің тұсауын кестірген.
Дегенмен Бесбаев бұл қуанышты сәтті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жоқ. Ал мерекелік кештен суреттер мен құттықтауларды оның әріптестері бөлісті.
Айта кетсек, әншінің кенже қызына Айзия есімі қойылған.