Отандық әнші Мақпал Исабекова өзін әйгілі америкалық актриса, әнші Дженнифер Лопеспен салыстырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Исабекованы «қазақстандық Джей Ло» деп атайтындар көп.
«Мына суретке қарап, J.Lo-ны көремін. Осындай әдемі әйелге ұқсағаныма ризамын. Ол да осы суретті көрсе, қалай болады деп ойладым. Ол мүмкін бе, қалай ойлайсыздар?» - деп армандады әнші.
Бұл ретте әнші оқырмандарынан посттың астына Джей Лоны белгілеуді өтінді. Фанаттары Мақпалдың өтінішін жерде қалдырмады.
«Мүмкін пікір қалдырса ше? Ой Макося армандап кетті», - деді ол.