KZNews.kz
Шоу-бизнес

Әнші Бейбіт Қорғанға сот үкім шығарды

Айжан Сыланова

Куәгерлердің айтуынша, ол жолаушыларға балағат сөз айтып, әуе компаниясының талаптарына бағынудан бас тартқан. Салдарынан рейс барысында басқа жолаушылардың мазасы қашқан.

Ұшақ әуежайға қонған соң әншіні полиция қызметкерлері күтіп алып, оның үстінен «ұсақ бұзақылық» және «құқық қорғау қызметкеріне бағынбау» баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Атырау қаласында өткен сот отырысында Бейбіт Қорған кінәлі деп танылып, 196 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →