«Қазақ тілінде сөйлей алатын орыс қызынан» артық. Әрине, мемлекеттік тілді білу маған көп көмектесті және осы күнге дейін көмектесіп келеді. Мен 18 жасымнан ақша жинадым. Еңбектендім. Тырыстым. Өз маңдай теріммен тапқан ақшаға Алматыдан пәтер сатып алдым. Кейін көлік және т.б. Аралға келгенімде біреудің осының бәрін маған бір ағашка сатып алып беріп жүргенін, мені біреудің тоқалы деп сыбдырлағаны есімде, осыған бола жеке өмірімді жария етпейді деген пікірде екен. Анам да ешнәрсе сұрамады және әңгімені өзім бастадым. Бірінші рет, үлкендерше. Рас айтамын, мен басқаша тәрбиеленген жанмын. Мен «жермен жексен болсам да», еңбектенемін, бірақ әке-шешемді мен үшін ұялатындай жағдайға жеткізбеймін!!! ЕШҚАШАН! Қазір шүкір, мен жұмыс істеймін және ешкімге тәуелді емеспін. Еңсемді тік көтеріп жүре аламын. Анна Данченко болу үшін үлкен жолдан өттім. Қаншама жағымсыз сөз естідім, қаншама жерім көгерді...көп нәрсе болды. Бірақ мұның барлығы мені тек алға жетелейді. Себебі, мен өзім үшін және отбасым үшін жақсы нәрсені тілеймін. Ағашкам жоқ, ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын. Ата-анама рахмет! Маған сенім артпаған жандарға да РАХМЕТ – себебі сіздер болмасаңыздар мен мұндай мықты болмас ем. Әлі мақсатым көп! Әлі жоспарым көп! Сол себепті барлық негативке назар аудара беретін уақытым жоқ! Бұйырса, өмірім жайлы кітап жазамын – жеке өмірім туралы білу сіздерге қызық болатын сияқты», - дейді Анна Данченко. Желі қолданушылары тележүргізушіге қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Мөлдірдің бойында неше түрлі өнер бар": Қымбат Әбілдақызы ел күтпеген сөз айтты (ВИДЕО)
5 желтоқсан, 2025