Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Анна Ахматова | өмірбаяны

Анна Ахматова |  өмірбаяны

Анна Ахматова (Горенко) Андреевна - 1889 жылы 11 маусым күні Одесса қаласында отставкадағы флоттық инженер механиктің отбасында дүниеге келген. Ақын, аудармашы. Балалық шағы “Царское селода” өтеді, кейіннен ол 16 жасқа толғанда Петербургке көшіп, сонда тұрған. Ахматованың арғы атасы Ахмат — татар ханы, Шыңғыс ханның ұрпағы. Өзі Киевтегі жоғары әйелдер курсында, Киев университетінің заң факультетінде оқыған. “Кеш” атты алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы жарияланды. Кейін “Жел мені жерле” (1917), “Ақ түн” (1911), “Үйеңкі” (1940), “Ән” (1917) т.б. поэтикалық жинақтары жарық көрген. Ахматова лирикалық миниатюраның әлемге танымал шебері. Оның поэзиясында түркілік пафос, азиялық таным, көркемдік қабылдау ерекше аңғарылады. Шығыс пен Батыс поэзиясының үздік дәстүріне үндескен Ахматова шығармалары өзіндік дара стилімен өзгешеленеді. “Замана ағымы” (1965) жинағы үшін Ахматоваға Италияның Энт Ахматова Таормин әдеби сыйлық берілді. Оксфорд унивеситетінің құрметті докторы болды. Ахматова өлеңдері ағылшын, неміс, француз, итальян, жапон, поляк, чех және басқа да тілдерге аударылған.

Автор
Санжар