"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Анестезиолог наркозда жатқан әйелдерді зорлағаны анықталды

Анестезиолог наркозда жатқан әйелдерді зорлағаны анықталды
Фото: ашықдереккөз

2022 жылдың шілдесінде аурухана қызметкерлері дәрігердің күмәнді әрекеттерін байқап, оны жасырын бейнежазбаға түсірген. 

Видеода дәрігердің ес-түссіз жатқан науқасқа сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасап жатқаны айқын көрінеді. Полицияның мәліметінше, Безерра пациенттерге әдейі шамадан тыс тыныштандырғыштар енгізген.

Жазба жарияланғаннан кейін ол дереу қамауға алынды. Сол күні жүргізілген тергеу барысында оның тағы бір әйелге қатысты осындай әрекетке барғаны дәлелденді. Сот шешімімен Безерра әрбір жәбірленушіге 50 мың бразилиялық реал өтемақы төлеуі тиіс.

Айыптау материалында алты жәбірленуші көрсетілген, алайда тергеушілер олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін деп болжайды. 2023 жылы Безерра медициналық лицензиясынан өмір бойына айырылды. Барлық айғақтарға қарамастан, ол өз кінәсін мойындамай отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.