KZNews.kz
Шоу-бизнес

Анасының 30 жыл бұрынғы хатын көрсеткен Гүлзира Айдарбекова жұртты елжіретті

KZNEWS

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова 30 жыл бұрын анасының жазған хатын жариялады. Ол өзі тұрмысқа шыққанда уайымдап, ойын қағаз бетіне түсірген анасы үшін жылап қалғанын да айтты. Продюсер мұрағатта сақтаған естелігімен Instagram парақшасында бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Ал Гүлзира Айдарбекова анасының теңдесі жоқ ана жүрегінің осы екенін айтып, көзіне жас алған.

"Жаным анашымның, мен тұрмысқа шыққаннан кейінгі уайымдап жазған xаты ғой, 30 жыл бұрынғы. Анашым қазір 91 жаста. Ескіше әріптермен жазылған. Ол кезде ұялы телефон жоқ, 6-7 күн дегенде ғана жететін xаттар жөнелтілгеннен кейін. Қазір тауып алып, көзіме жас келіп отырғаны. Анашым 100 жасашы! Теңдесі жоқ, ана жүрегі деп осыны айтыңыз", - деген продюсер жазбасында.

Бұл хатты көрген желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың анасына ұзақ ғұмыр тіледі.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар

KZNEWS
Автордың басқа материалдары