Алматыдағы қоғамдық көлікте болған оқиға желі қолданушыларының ашуын тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушылардың талабымен егде жастағы әйелдің автобустан түсірілгені көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, салонда жағымсыз иіс шығып, кей жолаушылар жүргізушіден қарт әйелді түсіруді талап еткен. Соның салдарынан ол аязды күні аялдамада жалғыз қалған.
Бұл жағдайды көпшілік адамгершілікке жат деп бағалап, қарттарға құрмет көрсету мен қоғамдық көліктегі этика мәселесін көтерді.