Ел тарихындағы тұңғыш алтын медал – Тоқаев чемпиондарды құттықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Анарбеков ерледі: "Қайрат" кипрлық "Омонияны" жеңді

Анарбеков ерледі: "Қайрат" кипрлық "Омонияны" жеңді
Кадр видеодан алынды

Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында алматылық "Қайрат" өз алаңында кипрлық "Омониямен" кездесіп, жеңіске жетті. Ойынның бас қаһарманы – Темірлан Анарбеков, деп хабарлайды kznews.kz.

Бір апта бұрын Кипрде өткен кездесуде "Омония" футбол клубы алматылықтарды 1:0 есебімен жеңген болатын. Ал бұл жолы Алматының Орталық стадионында "Қайрат" "Омонияны" 1:0 есебімен жеңді. Осылайша Чемпиондар Лигасының келесі іріктеу кезеңіне шығу үшін командалар ойын соңындағы пенальти теуіп, жеңімпазды анықтады. 

Бұған дейін Шотландияның "Сельтик" клубын жарыс жолынан тайдырған қақпашы Темірлан Анарбеков бұл жолы да кипрлықтарды Чемпиондар Лигасынан шығарып жіберді. Ол қарсылас команданың екі пенальтиін қайтарды. 

Айта кетейік негізгі ойында салған жалғыз голдың авторы – Эдмилсон. Ол 37 минутта қарсылас қақпасына допты баспен салды. 

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.