Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік."Аналар-асыл жандар!"
Автор: Сахитова Айнур Сагатовна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-21
Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.Балабақша тәрбиешілеріне көмек.
Тақырыбы: Аналар-асыл жандар!Жүргізуші:
- Аяулы біздің аналар мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
- Келесі балалардың орындауындағы ән - «Нұрын төккен маған».
- Барлық балалар бүгін аналарына сыйлық жасап әуре болуда. Осы мерекеге Мақта қыз да, анасына сыйлық дайындап жатқанда, бір қызық оқиға болыпты. Мақта қыз ертегісін тамашалаңыздар!
- Мақта қыз не істеп отырсың? Маған да көрсетші.
- Сурет салып жатырмын. Ары тұршы. Қазір бір нәрсені бүлдіріп тастарсың.
- Қарайыншы, енді, ақырын ғана қараймын.
- Көрсетпеймін!
- Көрсетпесең, мен сенің бояуыңды төгіп тастаймын.
- Осыдан төгіп көр, құйрығынды кесіп аламын.
- Мақта қыз-ау, Мақта қыз, құйрығымды берші. Кешірші.
- Бермеймін. Маған қағаз бен бояу тауып әкеліп берсең ғана құйрығыңды қайтарамын.
- Мен бала бақшаға барайын, балаларда қағаз бен бояу деген көп болады ғой.
- Балалар, менің құйрығыма күлмеңдер. Оны Мақиа қыз кесіп алды. Мен оның бояуын төгіп, қағазын бүлдіріп тастадым. Маған қағаз бен бояу тауып беріндерші.
- Сен бізге кәмпит әкеп берсең, біз сенің іздегеніңді тауып береміз.
- Дүкенші, маған ойыншықтар, тәттілер берші, - дейді.
- Әуелі маған ақшасын төле. Сонан соң қалағаныңды беремін.
- Менде ақша жоқ.
- Онда саған ештене бере алмаймын.
- Мысық, енді ақшаны қайдан табарын білмей, көп ойланады. Осы кезде сахнаның екінші бұрышында, есік алдында жұмыс істеп жүрген әже көрінеді. Мысық оған жақындайды.
- Әже, мен сізге көмектесейін, есік алдын тазалап берейін.
- Сөйтші айналайын, өзім де белімді көтере алмай тұрмын, дейді.
- Ой, айналайын саған көп разхмет. Өте еңбекқор екенсің. Ұзақ жаса, сабағыңды жақсы оқып тәртіпті бол! Бүгінгі мерекеде аналары мен әжелерін құттықтап жатқан ұл-қыздарыңда денсаулықтары да мықты болсын. Осы бүлдіршіндердің бәрі үлкен азамат болып өссін.
- Балалар, бүгінгі ертегіден қандай тәрбие алдық? Айтыңдаршы. Мақтақыздың бояуын төгіп тастаған мысық дұрыс істеді ме?
- Оның құйрығын жұлып алған Мақтақыз дұрыс істеді ме?
- Жамандық істеуге бола ма екен?
- Біреу жамандық істесе, оған жамандықпен жауап қайтару керек пе?
- Ал, қалай ойлайсыңдар, не істеу керек?
- Жамандық жасағанын түсіндіру керек.
- Жамандық жасауға болмайтынын айту керек.
- амандық жасаған кісі көп қиналатынын айту керек.
- Құрметті, аналар мен әжелер. Сіздерді “Күншуақ” тобының бүлдіршіндері атынан бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын. Осы өсіп келе жатқан ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, жүз жасаңыздар. Осымен мерекелік кешіміз аяқталды.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.