"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әмірхан Балқыбек | өмірбаяны

Әмірхан Балқыбек |  өмірбаяны

Әмірхан Балқыбек 1969 жылы 19 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданына қарасты Ленин атындағы ұжымшарда дүниеге келген. 

1986 жылы Шардара каласындағы М. Әуезов атындағы орта мектепті бітірді. 1989-1990 жылдары Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші болып қызмет атқарды. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін 1995 жылы журналист мамандығы бойынша бітірген. 

1995–2000 жж. «Парасат», «Жас Алаш», «Ана тілі» секілді республикалық басылымдарда қызмет атқарған. «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби сын бөлімінің меңгерушісі, «Дала мен қала» газетінде әдеби редактор болып қызмет еткен. Топтама өлеңдері «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар поэзиясының антологиясы» секілді ұжымдық жинақтарға енген. Әмірхан Балқыбек Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Әдебиет саласы бойынша екі рет (1997, 1998) Президент стипендиясын иемденген. Сонымен қатар, «Метамарфоза» (1996), «Сынған сәуленің шағылысуы» (2001), «Қасқыр құдай болған кез» (2008) кітаптарының авторы.

Автор
Жандос