Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әмеңгерліктің нәпсіқұмарлық емес астары

Әмеңгерліктің нәпсіқұмарлық емес астары

Өкінішке орай, жұрт әмеңгерлікті аға өлсе, іні мұра дейтін әдемі сөзбен «бүркемеленген» қатынқұмарлық, дүниеқорлық қана деп түсінеді. Алайда, бұл бабам қазақтың

– «қазақ байыса қатын алады» делінетін қатынқұмарлығы, қатынжандылығынан,

– қалыңмалы төленіп қойған әйелді шығын шығармай, иелену мүмкіндігіне әуестігі әлде бейілдігінен,

– ағаның дүние-мүлкі, атаның малы басқаға кетіп қалмасын дейтін дүниеқорлығынан, малжандылығынан ғана емес, бірінші кезекте

– атаның ұрпағы, ағаның баласы басқаның есігінде жүріп, жат болып кетпесін немесе бөтендігі бетіне басылып, күшігінен таланып өспесін дейтін текшілдігінен,

– бір кездегі ағаның жары, қадірлі жеңгесі басқаның қатынына айналмасын, қорлығын көріп, аяғының астында жатпасын дейтін арлылығынан болса керек.

Әкесі Құнанбай бірден-бір және басты кемшілігі – орысшылдық, жайпақтық, көпшілдік санаған Абайдың өзі, сірә, осы дәстүр үшін ағасы Тәкежанмен әмеңгерлік таласына түсіп, ақыры Оспанның жас қатынын алып алған.

Автор
Жандос