♦28 жастағы қылмыскер мешіттегі атысты видеоға түсірген (видео +18)
Оның айтуынша, еңбек демалысындағы дәрігер 15 шақты адамды өз үйіне кіргізген. Олардың екеуі жарақат алған. "Еңбек демалысындағы дәрігер бізге көмек көрсетті. Сондай-ақ ол өте қонақжай екен. Бізге тамақ пен сусын ұсынды", дейді Ирфан Юнианто. Олар 5 сағатқа жуық сыртқа шықпай отырған. Полиция қызметкерлері келген соң ғана үйден шығыпты. "Біз қатты қорықтық. Көшеге шығуға бата алмадық. Әсіресе шабуыл жасаған адамды кездестіруден қорықтық", - дейді Ирфан Юнианто. Еске сала кетсек, жұма күні таңертең Жаңа Зеландия халқы ғана емес күллі мұсылман қауым қара жамылды. Жаңа Зеландиядағы 2 мешітке шабуыл жасалды. Крайсчерч қаласындағы Әл-Нұр мешітінде 49 адам көз жұмды. Брентон Таррант өзінің бұл әрекетін теракті деп бағалады. Сондай-ақ ол болған оқиғаны видеоға түсірген. Аударған: Әсел Болатқызы «Қамшы»