KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Амалсыздан отыр”: Тұрсынбектің екінші әйелі енесін бірінші рет қонақ қылды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы енесімен бірге түскен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрлар желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Мама келіп, берекеміз артып жатыр. Қанша жасқа келсе де, ана үшін баласы – бала, бала үшін анасы – ана болып қалатыны анық», – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының бір бөлігі Айманның енесіне деген ықыласын жылы қабылдап, отбасына ізгі тілектерін білдірді. Алайда кейбір оқырман видеодағы әйелдің көңіл күйіне назар аударып, оның жүзінен мұң байқағанын жазды.

«Амалсыздан отырған сияқты мамасы», «Көзінде мұң бар», «Көңіл күйі жоқ», «Көңілін ауласа да, күлмейді», «Мынаған ашуы келіп жатқан сияқты», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Осылайша, Айман Талғатқызы жариялаған қысқа видео көпшіліктің талқысына түсіп, оқырмандар арасында түрлі болжамға себеп болды. Дегенмен видеодағы адамның көңіл күйіне қатысты пікірлер желі қолданушыларының жеке пайымы ғана.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →