Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Алтынкөл" стансасының бастығы парамен ұсталды

"Алтынкөл" стансасының бастығы парамен ұсталды

Ол жүйелі түрде жалпы сомасы 17,8 мың доллар көлемінде пара алды, деп күдіктелуде.

"Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ"-на қарасты "Алтынкөл" теміржол стансасының бастығы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шарасын өткізу барысында "ҚТЖ ҰК" АҚ "Алтынкөл" теміржол стансасы бастығы тарапынан пара алу дерегін анықтады.

Ол радиация фонының деңгейі нормадан жоғары болғанына көз жұмып, тұтыну тауарлары тиелген вагондарды кедергісіз өткізгені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде жалпы сомасы 17,8 мың доллар көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

20 ақпан күні күдікті азамат Талдықорған қаласындағы тергеу абақтысына уақытша қамалды.

Тергеу жалғасуда.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Санжар