| Сабақтың тақырыбы: | Алтын күз |
| Күні: | Мұғалімнің аты- жөні:Сиванбаева Ш:Е |
| Сынып: 1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Сабақ негізделген оқу мақсаты: | Буындап оқыту, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқыту, түсініп оқыту. |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
| Буындап оқи алады, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады, түсініп оқиды. |
| Оқушылардың басым бөлігі: |
| Буындап оқи алады, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады, түсініп оқиды, сұраққа жауап бере алады. |
| Кейбір оқушылар: |
| Мәтіннің мазмұнын түсіне алады, күздің ерекшеліктерін айта алады. |
| Тілдік мақсат: | Оқушылар: |
| Негізгі сөздер мен тіркестер: |
| Құрмет-уважение-respect, ардақтау-confession,алтын күз-золотая осень-golden autumn |
| Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
| Талқылауға арналған тармақтар: |
| -қазір жылдың қай мезгілі?-күз екенін қайдан білдің? |
| Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? |
| Күзде неге құстар жылы жаққа ұшып кетеді? |
| Жазылым бойынша ұсыныстар:Шатасқан әріптерден сөз құрау: місже, дайби,зүк,лықбай. |
| Алдыңғы оқу | Ойын: «Мен саған, сен маған» «П» дыбысы бар сөздер айту. |
| Жоспар |
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
| Басталуы | Психологиялық ахуалЖаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.Ширату:-Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?-Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?-Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз? | Слаидтар, тақырыптық суреттер, ермексаз, бояу қарындаштар |
| Үй жұмысын тексеру | Сұрақ-жауап әдісі -Денсаулық мықты болу үшін не істеу қажет? | |
| Ортасытақырыптың мазмұнын ашу барысында топқа бөлу 5 минут Аяқталуы6 минут | «Ұқсас суреттер» арқылы бірнеше топқа бөлу Жапырақ, қызыл алма,астық.Суреттерді оқушыларға таратамыз. Осы суреттер арқылы 3 топқа бөлінеді. Слайд көрсету. Күз тақырыбына.Мәтінмен жұмысСұрақтар:Күздің ерекшелігі қандай?Күзді неге байлық дейміз?Астықты немен жинайды,кім жинайды?Күзде бау-бақшада қандай жемістер піседі? Олардың қандай пайдасы бар?Үйде аналарың олармен не жасайды?Сергіту сәті. Мәнерлеп өлең оқу. 2рет бірге дауыстап оқиды. Сосын жеке-жеке оқытамыз. «Күз»Көкөніс пен бидайдыЕлімізде сыйлайдыБерекелі маусым депКөрсетеміз мол құрмет.Жақсы оқыған балаларды мадақтау. (стикер) арқылы. | |
| Қорытынды | Ермексаздан жеміс-жидектер жасау |
| |
| |
| |
| Рефлексия | Ойын «Теріп ал»Суреттердің арасынан біздің жақта өсетін дәнді дақылдарды терейік.(бидай,арпа,сұлы,жүгері,күнбағыс) |
| Үй тапсырмасы | Күздің суретін дәптеріңе сал. |
| Қосымша ақпарат | Ұлыбританияда, Швецияда, Қытайда «Алтын күз» деген мереке тойланады екен. Қазақстанда тойланса не істер едің?Күз үш кезеңге бөлінеді: Ерте күз, Қоңыр күз, Қара күз | |
| Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау «Алма ағашы» әдісіОқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. | Пәнаралық байланыс Бейнелеу, АКТ, Дүниетану, еңбекке баулу |
| № | Дескрипторлар Мәтінді түсінеді,мазмұнын айта алады,сұрақтарға жауап бере алады,күз айының ерекшеліктерін айта алады,өлеңді мәнерлеп оқи алады,дәнді дақылдарды ажырата алады,жемістердің пайдасын біледі,күздегі адамның еңбегін бағалай біледі. | Баллдар |