Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алтай Көлгінов қанша жалақы алатынын айтты

Алтай Көлгінов қанша жалақы алатынын айтты

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елорда басшысы Алтай Көлгінов жалақысы қанша екенін, сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшасын кім жүргізетінін айтып берді

Әкім "Хабар 24" арнасындағы "Интервью" бағдарламасының қонағы болған еді.

"Батыс Қазақстан облысының әкімі болған кезде жалақыңыз 762 мың теңге екені туралы ақпарат шықты. Елордаға келген соң көбейді ме?" – деп сұрады тілші Көлгіновтен.

"Жалақым бұрынғыдай. Дегенмен еңбек өтіліне байланысты жоғарылайтынын білесіз ғой. Бірдей жұмыс болғанымен, елордада мөлшері көбірек", - деп жауап берді қала басшысы.

Оның айтуынша, астанаға отбасымен бірге көшіп келіпті.

"Бұрын мұнда 11 жыл тұрған едім, сол себепті туған қалам сияқты. Отбасым осында, 1 қыркүйекте балаларым сабаққа барады", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан әкімі Назарбаевтың мақтауын қалай қабылдағанын айтты

Сондай-ақ әкім әлеуметтік желідегі парақшаларын өзі жүргізетінін айтты.

Алтай Көлгінов 2019 жылы маусымда елорда тізгінін қолға алды. Оған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі болып істеген еді.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан