Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлпейісов Тұрсынғазы | өмірбаяны

Әлпейісов Тұрсынғазы |  өмірбаяны

Әлпейісов Тұрсынғазы (1949–2008) - 5 наурызда Шығыс Түркістанның Қарабақ ауылында туған. 

1959 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Еңбек жолын Жаркент қаласында бастайды. ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Аудандық газеттерде, комсомол ұйымдарында, «Жалын» баспасында, «Казкинопрокат» мекемесінде, «Жәрдем» және «Шалқар» фирмаларында жауапты қызметтер атқарған. «Тұрмыс» жабық акционерлік қоғамының президенті болған.

«Құтты қадам», «Көк шұбардың тұяғы» атты повесть, әңгімелерден тұратын жинағы, «Жоңғардың соңғы қашқыны» романы жарық көрген. Ұйғыр және орыс тіліндегі кітаптарды қазақшалаған.

Автор
Жандос