Әлеумет

Алмазбек Атамбаев басқаратын партия оппозицияға қосылады

Алмазбек Атамбаев басқаратын партия оппозицияға қосылады

Жолдыбаеваның сөзінше, партияның кезекті съезі 6 сәуірде өтеді.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Ақсы оқиғасының 17 жылдығына арналған еске алу шарасында қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті елде "отбасылық-кландық билікті" қайта орнатты деп айыптаған.

Ол Жээнбековті билікке әкелгені үшін халықтан кешірім сұраған. Сол күні басқа шарада сөйлеген Жээнбеков биліктегі кландық басқаруға қарсы екенін мәлімдеген.

Социал-демократиялық партиясы 1993 жылы құрылған. Атамбаев - партия құрушыларының бірі. Бірақ Атамбаев пен Жээнбеков арасындағы саяси тартыстан кейін партия екіге бөлінген. Бір бөлігіне Атамбаев жетекшілік етеді. Екіншісін, парламенттегі фракциясын Жээнбеков басқарады.

Abai.kz


Abai.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz