Алматының сейсмикалық станциялары жаңа жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі туралы шұғыл хабарлама жасалды, - деп жазады Kznews.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Фото: pixabay"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "СОMЭ" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісімен 2023 жылғы 18 наурызда Алматы уақыты бойынша 06:00 59 секундта (18 наурыз 2023 ж. 00:00 59 сек) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 897 шақырым жерде Ауғанстанда аумағында орналасқан", - делінген "Алматы" ХҚО кезекші операторының хабарламасында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.3.
MPV магнитудасы 5,9.
Тереңдігі 120 шақырым.
Сезілу туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ