Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматының айналма жолдарындағы жылдамдық азайтылмақ

Алматының айналма жолдарындағы жылдамдық азайтылмақ

Бұрынғы 80 саны енді бүгіннен бастап, 60-қа ауыстырылып жатыр.

15 қаңтардан бастап Алматының Саин және әл-Фараби көшелерінде сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болмайды. Бұрынғы 80 саны енді бүгіннен бастап 60-қа ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Мұның себебі неде? Дерекке жүгінер болсақ, қазіргі кезде жол-көлік апатының басым бөлігі жүргізушілердің кінәсінен, яғни жылдамдықтың артуынан орын алып отырғаны белгілі. Сондықтан Алматының Полиция департаменті осындай қадамға барып отыр. Бұл туралы жақында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің те мәлім еткені белгілі.

Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, әл-Фараби даңғылында жылдамдық режимін сағатына 80-нен 60 шақырымға түсіру арқылы жолдағы уақыт тек екі минутқа артатынын айтады.

–Егер осы екі минут бір адамның болсын, өмірін аман алып қалуға мүмкіндік беретін болса, онда жылдамдық режимін өзгерту шарасы дұрыс шешім деп ойлаймын. Осыған байланысты алдағы уақытта адам қауіпсіздігі үшін басқа да шаралар жасалынатын болады,– деді Салтанат Әзірбек.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Жандос