KZNEWS.KZ
Аймақ

Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады

• Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Алматылықтарды мазалап, қорқытып жүрген "қайыршы" жасөспірімдер анықталып, ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz. Белгілі болғандай, олар Тәжікстан Республикасынан келген азаматтар болып шықты.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше ұсталған азаматтардың барлығы кәмелетке толмаған. Оларды Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды. Қазіргі уақытта ұсталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Тексеру нәтижесінде олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, аталған жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына сәйкес ел аумағынан шығару рәсімі басталғаны хабарланды.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →