KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

• Айгерім Асылова
фото: kznews AI

Алматы тұрғындары жер асты дүмпулері сезді, деп хабарлайды kznews.kz. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желілерде жарыса жазуда.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, 12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те Қырғызстанда магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 6 шақырым тереңдікте орналасқан.

Эпицентр Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 127 шақырым және Нарыннан солтүстік-батысқа қарай 71 шақырым жерде болды.

Сондай-ақ, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, 2026 жылғы 12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те Алматыда 2 балдық жер асты дүмпулері сезілген.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →