Қазақстандықтарға туды балконға ілуге рұқсат берілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматылық өгей әкесін пышақтап өлтірді

Алматылық өгей әкесін пышақтап өлтірді
Фото: Polisia.kz

Алматыда отбасылық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы ПД хабарлауынша, түнгі сағат үштер шамасында «102» арнасына Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жетті. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 59 жастағы ер адам алған көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудың салдарынан көз жұмды.
 

"Алмалы аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол марқұмның 34 жастағы өгей ұлы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ол ер адамға асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Күдіктінің айтуынша, жанжал анасына қатысты туындаған кикілжіңнен кейін басталған. Аталған жайттардың барлығы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жан-жақты тексеріледі", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі