Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматылық көлік жүргізушінің құлағын тістеп алды

Алматылық көлік жүргізушінің құлағын тістеп алды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Екі көлік жүргізушісі бір-біріне жол бермей, ерегесіп қалған

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Алматыда болған төбелесте басбұзар ер адамды соққыға жығып, құлағының бір шетін тістеп алды.

Instagram-дағы Kris_p_brothers паблигінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, төбелес Абай мен Саин көшелерінің қиылысында болған. Екі көлік жүргізушісі бір-біріне жол бермей, ерегесіп қалды. Біреуі көлігін көлденең қойды да, машинадан шығып, екінші жүргізушіні соққыға жыққан. 21 жастағы басбұзар онымен қоймай, таяқ жеген көлік жүргізушісінің құлағын тістеп алыпты.

скрин страницы в паблике kris_p_brothers_official

Алматылық көлік жүргізушінің құлағын тістеп алды

Қаланың ішкі істер департаменті оқиғаның болғанын растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі (бұзақылық әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Әуезов аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын және куәгерлерді анықтап жатыр. Зардап шеккен азаматтың жарақаты қаншалықты ауыр болғанын сот-медициналық сараптама анықтайды", - дейді полицейлер.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 000 айлық есептік көрсеткіш (12 миллион 625 мың теңге - Sputnik Қазақстан) көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттеледі. Бес жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе түрмеге қамалуы мүмкін.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан