Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматылық балдырғандар Президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты

Алматылық балдырғандар Президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты

«Бүгінгі Жаңа жылдық шырша айналасына біздің үлкен әрі тату еліміздің балалары жиналды. Өтіп бара жатқан жылда сендердің барлығың білім алдыңдар, спорттық жарыстарда жетістіктерге жеттіңдер, түрлі конкурстарда жеңімпаз атандыңдар. Сендердің әрқайсыларың бұдан да биік шыңдарға құлаш сермедіңдер. Бұл асыл қасиет сендердің ғана емес, барша Қазақстанның күш-қуатын арттырады. Қымбатты балалар, Жаңа жылда да сендердің барлық ниет-тілектерің мен армандарың орындалсын», - деп атап өтті өзінің құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының атынан балаларға сыйлықтар салынған арнайы сөмкелер берілді, оның ішінде қысқы киімдер, кеңсе тауарларының жиынтығы, планшеттер, ойыншықтар мен тәттілер бар.

Мерекелік шараға ертегілер кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақша қар, «Ісмер» ансамблі, «KeshYou» тобы, цирк артистері, Мұрат Мұтұрғановтың  шоуы мен X-Фактор жобасының финалистері және басқа да өнерпаздар қатысты.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Дереккөз: http://egemen.kz/
Автор
Жандос