Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы сайлау таңы: алғаш келген сайлаушыларға естелік сыйлық табысталды

Алматыдағы сайлау таңы: алғаш келген сайлаушыларға естелік сыйлық табысталды

Алматыда сайлау таңы дауыс берумен қатар, учаскелерге алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға арналған шағын сыйлықтармен басталды. Қаланың әр ауданында алғашқы сайлаушыларға естелік тарту әзірленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алмалы ауданында таңертеңнен сайлаушылар легі байқалды. Алғаш келген тұрғындарға блокнот, «Қазақстан» шоколады және кепка табысталды. Мұндай сыйлықтар сайлау учаскелерінде жылы әрі мерекелік көңіл күй қалыптастыруға сеп болды.

Түрксіб ауданында да алғашқы сайлаушыларға қуаттағыш, электр шәйнегі, «Қазақстан» шоколады, күнделік және басқа да естелік сыйлықтар дайындалды.

Алматының өзге аудандарында да алғашқы сайлаушыларға сыйлық табысталып жатыр. Мәселен, №60 сайлау учаскесінде дауыс берген зейнеткер Әліпбай Жұмантаевқа кепка мен шоколад сыйға берілді. Оның айтуынша, сайлауға ерте келіп дауыс беру әдетке айналған.

«Азаматтық борышымды ертерек орындауды жөн көрдім», — деді ол.

Мұндай бастама дауыс беру күніндегі шағын дәстүрдің біріне айналып, алғашқы сайлаушыларға ерекше көңіл күй сыйлап отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.