Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жаңа қызметке ие болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыдағы РФММ-да оқушылар жаппай уланғаннан кейін директор ауысты

Алматыдағы РФММ-да оқушылар жаппай уланғаннан кейін директор ауысты
фото: ашық дереккөз

РФММ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы директор Мейірбек Мейірлан Едігерұлының өкілеттігі аяқталды.

Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) Алматы филиалына жаңа директор тағайындалды. Бұл қызметке бұрын да аталған мекемені басқарған Алмаз Күнғожин келді. Мұндай кадрлық өзгерістер оқушылардың жаппай улану оқиғасынан кейін болып отыр, деп хабарлайды kznews.kz

Жаңа директор туралы не белгілі?

Алмаз Күнғожин - РФММ түлегі және "Математика" мамандығы бойынша PhD доктор. Ол 2018-2023 жылдары мектептің Алматы филиалын басқарған.

Күнғожин көп жылдар бойы РФММ-де мұғалім, математикалық олимпиадаларға даярлау жөніндегі жаттықтырушы, сондай-ақ мамандандырылған және эксперименттік бағдарламалар жөніндегі директор орынбасары қызметтерін атқарды. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап ол "РФММ" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.

Алматыдағы РФММ-де не болды?

Еске сала кетейік, 14 қазанда Алматыдағы РФММ-нің 50-ге жуық оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға жатқызылды.

Оқиғадан кейін мектеп 14-16 қазан аралығында сабақты уақытша онлайн форматқа ауыстырды. Интернат пен асхананың жұмысы тоқтатылып, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары ғимаратты тексеріп, зертханалық зерттеуге сынамалар алды.

Сондай-ақ Алматы полициясы РФММ-дегі оқушылардың жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болған.

22 қазанда ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен барлық оқушы үйіне шығарылды. Жалпы 58 балаға медициналық көмек қажет болған.

Кейін Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (СЭБД) мамандары РФММ-де оқушылар жаппай уланғаннан кейін асхананы тексеріп, көптеген заңбұзушылықты анықтады. Мектеп-интернат асханасының қызметі 60 күнге тоқтатылды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.