KZNEWS.KZ
KzNews TV

Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

• Нұрсұлтан
Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Қажымұқан көшесінің бойында болған. Оқыс оқиғадан жүк көлігінің жүргізуші жарақат алған. Қалалық жедел жәрдем қызметінен хабарланғандай, бас сүйек-ми жарақатын алған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. «Науқастың жағдайы - орташа ауыр. Ол №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жүк көлігінің жартысына жуық бөлігінің жер астына түсіп кеткенін байқауға болады.
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →