26 қарашада таңғы сағат 03:44-те 112 пультіне Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін төрт минуттан соң оқиға орнына жеткен. Алайда өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранып, жалын қарқынды таралған.
Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға ТЖД-ның 35 қызметкері мен тоғыз арнайы техника жұмылдырылған.
Оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды. Олардың бірі – кәмелетке толмаған бала.
Қазір өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.