Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жаөспірімнің үстіне тас құлады

Алматыда жаөспірімнің үстіне тас құлады
Фото: t.me/qr_tjm

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, үш бала мен бір ересек тауға көтерілген. Қайтар жолда жасөспірімдердің бірінің үстіне тас құлаған.

Оқиға орнына «Тұйықсу» бақылау-құтқару бекетінен Құтқару қызметінің мамандары аттанған.

«2009 жылы туған зардап шегушіге жеткен құтқарушылар оның білегінің ашық сынығын анықтады. Жасөспірім есін білетін жағдайда болып, өздігінен қозғала алды», – делінген ресми хабарламада.

Құтқарушылар жасөспірімді іздестіру-құтқару бекетіне жеткізіп, ТЖМ Қауіп-қатер медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі туристер мен тауға шығуды ұнататындарға тасты аймақтарда сақ болуды, үгіліп тұрған жартас астынан өтпеуді және тас құлауы мүмкін жерлерде алдыңызда жүрген адамдардың тура астына шықпауға кеңес береді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.