Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші қашып кетті

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші қашып кетті

Жол-көлік оқиғасында 40 жастағы Volkswagen Golf жүргізушісі көз жұмды.

Жантүршігерлік жол апаты Алматы қаласындағы Рысқұлов және Күдерин көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Golf 3 автокөлігі Рысқұлов көшесінің бойымен шығысқа қарай жүрген.

Сондай-ақ, осы бағытта жоғары жылдамдықпен BMW X5 көлігі жүріп бара жатқан. BMW көлігі Volkswagen көлігіне қатты соғылып, кейінгісі жиектасқа қарай ұшып кетеді.

1978 жылғы Golf жүргізушісі оқиға болған жерде жедел жәрдем келгенше көз жұмды. BMW жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін жаяу қашып кеткен. Қазір жол полициясы қызметкерлері, криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары көлігін тастап қашқан BMW X5 жүргізушісін іздестіріп жатыр.

Дереккөз: Sputnik


 

Автор
Санжар

Журналист