Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жаңа мешіт ашылды

Алматыда жаңа мешіт ашылды

Астана. 12 желтоқсан. KAZISLAM – Алматы облысы Қапшағай қаласында 700 орындық жаңа мешіт бой көтерді.

Құлшылық үйі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Зәулім ғибадатхана мейрам қарсаңында қала тұрғындарына тамаша тарту болды. Бір мың шаршы метр аумақты алатын мешіт құрылысы 7 ай жүргізілген. Мешіттің алтын түстес күмбезі, әрқайсысы 27 метрден асатын екі мұнарасы бар. Ғибатадхана аумағында кішігірім саябақ, орындықтар орнатылған.

Салтанатты рәсімге ҚМДБ-ның «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет қатысып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ыстық сәлемдемесін жиылған жұртшылыққа жеткізді.

Көпшілік қала орталығынан салынған мешіт өңірдегі ұлтаралық, дінаралық татулықтың тірегі боларына зор сенім білдірілді. Ұлағатты іс шараға Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы, Қазақстан республикасының мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев, Бақытбек Смағұл және  басқа да зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Әлихан